Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы бөлшек сауда қаңтар айында 4,7%-ға өсті

Қазақстандағы бөлшек сауда қаңтар айында 4,7%-ға өсті

Қазақстандағы бөлшек сауда көлемі 2015 жылдың қаңтар айында 2014 жылмен салыстырғанда 4,7%-ға өсіп, 446,3 млрд теңгеге жетті деп хабарлайды Экономика министрлігінің статистикалық комитеті.

Сатып алушы компаниялармен бөлшек сауда жүргізу 2014 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 3,4%-ға жоғарылады. Нарықтағы және жеке кәсіпкерлермен болған сауда көлемі 6,3%-ға өсті. 1 ақпанда бөлшек сауда кәсіпорындарындағы тауар қорының көлемі 296,2 млрд теңгені құрады. Бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының көлемі 34%, ал азық-түліктік емес тауарлар - 66%. Азық-түлік тауарларын сату 2014 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 1%-ға, азық-түліктік емес тауарлар 6,4%-ға өскен.

Похожие материалы