«Ұлттық энергетикалық баяндаманың» екінші шығарылымындағы болжамдарға сәйкес 2020 жылға қарай мұнай бағасы барреліне 60-80 долларға жетуі мүмкін, деп мәлімдеді KAZENERGY Қауымдастығының Бас директоры Болат Ақшолақов бүгін баспасөз конференциясында.
«Баяндамада мұнай бағасының болжамына ерекше назар аударылған, оған сәйкес 2020 жылға қарай мұнай бағасы 60 және 80 долларға дейін жетуі мүмкін. Бұл баяндамада келтірілген сарапшылардың тұжырымдамасы. Ол үшін негізгі алғышарттар - нарық тепе-теңдігінің қалпына келуі», - деді Б.Ақшолақов.
Ол ұзақ мерзімді перспективада мұнай бағасы жоғары деңгей - барреліне 100-105 долларға қайтып келетінін айтты. Жалпы, 2035 жылға дейін әлемде бастапқы энергия ресурстарына сұраныс артады деп күтілуде.
«Баяндамадағы бағалар болжамы 2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша жасалған, ол кезде көмірсутектер бағасы барреліне 20 долларға дейін төмендеуі мүмкін деген болжам болды», - деді ол.
Сондай-ақ, баяндамаға сәйкес Қытай энергия ресурстарын өткізетін ірі нарық болып қалады, алайда сұраныс бойынша өсу қарқыны баяулайды.
«Қазақстанның Қытайға көмір және электр энергиясын экспорттауы бойынша мүмкіндіктері осы елдің ішкі нарығымен шектелген, Қытайға уран экспорты болашақта Қытайдағы уранның ашық қорларының азаюына байланысты 56% үлестен төмендеуі мүмкін, Оған қоса, Қытай бұрынғыдай елдің мұнай-газ саласындағы ірі инвестор болып қалады», - деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024