Алматы. 27 шілде. 7kun.kz - Бұл туралы «Даму» АҚ басқарма төрағасы Абай Сарқұлов Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.
2017 жылдың I тоқсанында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының таза табысы 2016 жылдық ұқсас мерзімімен салыстырғанда төмендеді. Бұған «Қазинвестбанк» пен Delta bank-тегі жағдай әсер еткен. Бұл туралы «Даму» АҚ басқарма төрағасы Абай Сарқұлов Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Қордың таза табысы өткен алты айда 2,4 млрд теңге болды. Көрсеткіш провизияны қалыптастырудың есебінен төмендеді. Бұған дейін Қазинвестбанктің лицензиясын кері қайтарып алғанын білесіздер. Біз Delta bank бойынша да провизия қалыптастрыдық», - деді Сарқұлов.
Дамудың кірісі провизияға дейін 5,9 млрд теңге болды. Екі банкке провизия боййынша 3,5 млрд теңге бағытталған. Оларға салынған қаражаттың жалпы көлемі 34 млрд теңге. Абай Сарқұловтың айтуынша кәсіпкерлерге кредит беру үшін қор Қазинвестбанкке 9 млрд теңге, Delta bank –ке 25 млрд теңге берген.
«Дамудың» актив көлемі 6 айда 347 млрд теңге, жеке капиталы 99 млрд теңгені құраған.
1 тоқсанда жеңілдтетілген кредит алған жобалар саны 3833 дана болған. Бұл өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда 56% көп. Алайда кәсіпкерлер өткен 6 айда 81,3 млрд теңге ғана алған. 2016 жылдың 6 айында бұл көрсеткіш 117,5 млрд теңге болған еді.
«2016 жылы бір жылға 50 млрд теңге берілген еді. Олар қажетті жеріне бқлініп, қаражат қайта келе бастады. Биыл берілген қаражаттың төмен болуы осыған байланысты»,- деді Сарқұлов.
Субсидия бағдарламасы бойынша 6 айда 90 млрд теңгеге 1024 жоба қаржыландырылған. Банкке кепілдік жетпегендерге кепілдік көмек берілген кредиттер саны 36%-ға, кредит сомасы 81% өскен. Сондай-ақ, жалпы көлемі 17,1 млрд теңге 505 жобаға қолдау көрсетілген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024