2015 жылдың 30 қыркүйегінде Казкоммерцбанк Booking.com -ның эксклюзивті серіктесі болды. Ол әлемдік туристер баратын елдердегі қонақүйлерді онлайн-брондау сервисін жүргізеді. Бұл туралы бірлескен жаңа тренд пен туризм саласына арналған таныстырылым барысында мәлімдеді.
Қазіргі уақытта Казкоммерцбанк Қазақстандағы Booking.com қызметінің алғашқы серіктес банкі болып отыр. Келісім-шарт бойынша Казкоммерцбанк картасын қолданушылар баратын жерін брондау кезінде толық жұмсалған қаражаттың 7%-ын Go! бонусы түрінде қайтарып алады. Бонустар карта қолданушыларына 1 ай ішінде келеді және оны Қазақстандағы Go! бонустық программасының желі ішіндегі серіктестірімен қолдана алады. Оның 6000-нан астам сауда және кәсіпорындар бар. "Әлемдік туристік салада ландшафт өте жылдам өзгереді, саяхатшылар уақытын, баратын жерлерін карталары мен интернет арқылы өздері ұйымдастырғысы келеді. Осы қарқынмен болашақта турфирмалар да жойылады. Қазақстан әлемдік трендтен қалып қойған жоқ, бұған Booking.com сервисінің нарығына енгеніміздің өзі дәлелдеп тұр",- деді Қазкоммерцбанктің басқарушы директоры Нұрлан Жағыпаров. Банк ақпараты бойынша, карта транзакцияларының көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдері ішінде саяхаттаудан Ресей, Украина, Грузия елдерінен кейінгі 4 орында. Шетелдіктердің Қазақстанға сапарларының негізгі мақсаты - бизнес. Қазақстандықтардың жиі баратын елдері қатарына Ресей, Италия, Түркия, Франция, Тайланд, Испания, Германия, АҚШ және БАӘ жатады. Ал ең көп баратын қалалар тізіміне Мәскеу, Алматы, Астана, Стамбұл, Париж, Санкт-Петербург, Дубай, Лондон,Барселона және Милан кіреді. Қазір Booking.com сайтында Қазақстанның 1016 қонақүйіне брондау жұмысын жүргізуге болады.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024