Алматы. 20 шілде. 7kun.kz - Qazkom мен Halyk Bank банкоматтарынан қолма-қол ақша алуда қиындықтар туындап жатыр. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Өкінішке қарай, халық жалақы мен зейнетақы алатын күндері кейбір банкоматтарда қолма-қол ақша бітіп қалады. Банктер мен тұтынушылар үшін есептесудің қолма-қол емес түрі тиімдірек және біз мұны белсенді түрде насихаттап жатырмыз. Шамамен төлемдердің төрттен бір бөлігін ақшасыз транзакциялар құрайды. Дамыған елдермен салыстырғанда, бұл аз көрсеткіш, алайда басқа қазақстандық банктермен салыстырсақ, айтарлықтай жоғары нәтиже. Айналымдары өсіп жатқан Алматы қаласында 500 банкомат бар. Шілде айында Казкоммерцбанк банкоматтарынан 185 млрд теңге қолма-қол алынған. Оның ішіндегі 40 млрд теңгені басқа банк тұтынушылары алған», — деді Казкомның басқарушы директоры Нұрлан Жағипаров.
Ал Халық банк басқарма төрағасының орынбасары Марат Әлменов: «Халық банкте 7,5 млн, ал Казкомда 5,5 млн клиент бар. Қазақстан халқы 18 млн, оның 9 миллионы — еңбекке қабілетті. Екі банктің тұтынушылар базасы — мемлекеттегі ең үлкені. 2017 жылдың маусымында барлық банктердің банкоматтары 700 млрд теңге ақшалай берген. Халық банк — 330 млрд, Қазком — 185 млрд, ал бұл жалпы шығарылымның 80 пайызы», — деді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024