Kcell ұялы байланыс операторы акцияларының бағасы бір апта құлдырағаннан кейін, қайтадан қымбаттай бастады. Бір күннің ішінде қағаздарының бағасы 7,5%-ға артты. Бұл туралы LS хабарлайды.
Қазақстан қор биржасының (KASE) ақпаратынша, қағаздардың құны 1398 мың теңгеге (+7,5%) қымбаттаған. Сондай-ақ, 4 қарашадағы акцияның сауда-саттық көлемі 0,8 млн теңгені құрады. Бір апта бұрын акция бағалары 1301 мың теңге болатын. Лондон қор биржасында да отандық бағалы қағаздардың құны өсті. Белгіленімдер 8,7%-ға артты, ал жабылу сәтінде 5 доллар болды. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Kcell ұялы байланыс операторының акция бағалары күрт арзандап, белгіленімдері 8%-дан аса төмендеп, KASE-дегі аутсайдерлер қатарына кірген болатын.
Фото: forbes.kz сайтынан алынды
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024