Экономика
Выбор редактора
Kcell акцияларының құны төмендеп кетті
Kcell құнды қағаздарының бағасы біршама төмендеп кетті деп хабарлайды LS.
7-тамыздың қорытындысы бойынша, ұялы байланыс операторының сауда алаңындағы бағасы 1,150 мың теңгеге немесе 9,4 пайызға төмендеген. Осылайша бұл соңғы үш жылдағы рекордтық төмендеу деңгейі болып отыр.
Құны төмендегендердің ішінде Қазақтелеком (-3,6%), KAZ Minerals (-3,4%), "ҚазМұнайГаз" өндіру-шығару (-2,8%) және "ҚазТрансОйл" (-0,1%) бар.
Банк секторында өсім көрсетпегендер: Халық банк (-1,3%) және Центркредит банк (-0,8%).
Өсім байқалған акциялар тек KEGOC-қа тиесілі. Олардың құны 2,2 пайызға өсіп, 522 теңгеге қымбаттады.