Экономика
Выбор редактора
Kcell «Алло, Қазақстан» тарифтік жоспары бойынша мобильдік интернет көлемін арттырып жатыр
2016 жылы іске қосылады деп күтіліп отырған 4G технологиясына дайындық жүргізудің бір бөлігі ретінде «Кселл» деректерді тарату қызметін ұсынуға басты назарын аударуда. Осы мақсатта компания ең танымал «Алло, Қазақстан» тарифтік жоспарының жаңа топтамасында ұсынылатын мобильдік интернет көлемін ұлғайтып отыр. Бұл туралы Kcell операторының баспасөз баяндамасында хабарланды.
2015 жылдың 27 қазанынан бастап «Алло, Қазақстан» тарифтік жоспарының бірінші топтамасына қосымша ретінде «Алло, Қазақстан XS, S, M, L» тарифтік жоспарының жаңа топтамасы іске қосылады. Аталған жоспарларға енгізілген мобильдік интернет пакеті ұлғайтылып отыр. Active абоненттеріне қолжетімді «Алло, Қазақстан» тарифтік жоспарының жаңартылған нұсқасында 6 мүмкіндік пайда болды: 4 жоспар мобильдік интернет қолданушыларына бағытталған болса, 2-уі әлі дауыстық қызметтерді артық көретін абоненттерге арналған. Сонымен қатар, компания 2015 жылдың 27 қарашасынан бастап орын алатын ағымдағы жағдайды ескере отырып, «Алло, Қазақстан 1, 2, 3» тарифтік жоспарларына енгізілген қызметтердің көлемі арттырылатынын мәлімдейді. Осыған орай аталған тарифтік жоспарлардағы ай сайынғы абоненттік төлем құнына түзетулер енгізілетін болады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024