Kcell Қазақстанда iPhone 8/8+ смартфондарын сату бойынша көш бастап келеді
Алматы. 27 қазан. 7kun.kz - «Кселл» компаниясы өзінің фирмалық дүкендерінде iPhone 8/8+ смартфондарының сатылымын табысты бастады. Apple компаниясының мәліметтеріне сәйкес, шамамен әрбір үшінші iPhone 8/8+ смартфондары Ксеll/Activ дүкендерінде сатылған, бұл туралы компания баспасөз қызметі хабарлады.
Компанияның мәліметтеріне сәйкес, iPhone8 және iPhone8 Plus смартфондарына ең үлкен сұраныс Алматы, Астана және Шымкент қалаларында байқалады. Бұл ретте көпшілігі смартфондарды келісімшарт бойынша сатып алуға артықшылық береді.
Алғашқы 7 күннің ішінде келісімшарттар бойынша iPhone 8/8+ смартфонының 86 пайызы сатылды. Келісімшарттың ішіне бөліп төлеу және сатып алушының таңдауы бойынша қызметтер пакеті кіреді.
Kcell/Activ желісінде iPhone8 және iPhone8 Plus сатылымы қазанның 20-да басталды. Мәліметтерді талдау барысында, сатып алушылардың iPhone8 үлгісіне артықшылық беретіні анықталды: Kcell/Activ желісінде сатылған смартфондардың 70 пайыздан астамы осы үлгіде. Қазақстан бойынша Kcell/Activ дүкендеріндегі iPhone8 толық құны 319 990 теңгеден басталады.
Естеріңізге салсақ, «Кселл» компаниясы 2014 жылдан бастап iPhone Қазақстан аумағындағы дистрибьюторы болып табылады. «Кселл» әр кезеңде еліміздегі осы бренд сатылымының шамамен 30% үлесін қамтиды. iPhone сатудағы табыстың негізі- компанияның қолжетімді баға саясаты мен iPhone кепілдік қызмет көрсетуді іске асыратын сервис-орталығының болуы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024