Экономика
IT, Технология
Kcell хакерлермен күресетін болады
«Кселл» АҚ QratorLabs компаниясымен бірлесе Қазақстандағы интернет-ресурстарға жасалатын DDoS және хакерлік шабуылдарға қарсы тұруға көмектесетін жеке фильтрация нүктесін ұсынды. Бұл туралы "Кселл" баспасөз қызметі хабарлайды.
«Кселл» фильтрация нүктесі Қазақстан аумағында орналасқан осындай қызметтің операторы болып табылады. Осы ретте сайтты қорғау үшін хостинг-провайдерді немесе байланыс операторын ауыстырудың қажеті жоқ. «Кселл» ұсынып отырған бұл қызметтің артықшылығы - DDoS-шабуылдардан қорғау автоматты түрде жасалатындығында, сондай-ақ, оған қосылу оңай (бар-жоғы сайтыңыздың A-жазбасын ауыстырсаңыз болғаны, ол дереу қорғауға алынады), жеке кабинетте online-есептеме көрнекі түрде беріледі және DDoS-шабуылдарды 30 секундтан бастап 3 минутқа дейінгі аз уақыт ішінде тойтарады. Сонымен қатар, клиенттерге тәулік бойы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолдау көрсетіледі.
«Біз В2В клиенттеріміз үшін, бірінші кезекте, олардың бизнесін дамытуға арналған кешенді шешімдерді ұсынатын бизнес-серіктеске айналуға ұмтыламыз. Қазақстанда Интернет-коммерция секторы қарқынды дамып жатыр. Сондықтан біз тапсырыс берушілерімен, серіктестерімен және клиенттерімен Интернет арқылы өзара әрекеттесіп, өз компаниясының сайты арқылы бизнес жүргізетін жергілікті компаниялар арасында «DDoS-шабуылдардан қорғау» қызметі үлкен сұранысқа ие болады дегенге сенімдіміз», - деп атап өтті «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс.
Түрлі халықаралық компаниялардың жүргізген зерттеулеріне сәйкес дүниежүзілік ғаламторда күніне 2000-ға жуық DDoS-шабуыл жасалады. Компанияның интернетпен байланысты қызметін бір аптаға істен шығарып тастай алатын шабуыл орташа есеппен алғанда $150 доллар қаржыға тең шығынды келтіреді. Бұл әрекет БАҚ, ірі корпорациялар, мемлекеттік органдар және т.б. ұйымдардың электрондық коммерция, қаржылық операциялармен (төлем жүйелері, банктер) айналысатын промо-сайттарының, интернет-ресурстарының жұмысын тұрақсыздандыруды және тоқтатуды көздейді.
Фото:1news.az