Kcell ұялы байланыс операторы мен «КТ-ТЕЛЕКОМ» телекоммуникациялық компаниясы «ҚазНет Медиаға» қатысты 100% үлесін сатып алады. Келісім құны 70 млн доллардан аспайды. Бұл туралы Kcell корпоративтік коммуникация бөлімінің басшысы Наталья Еськова мәлімдеді деп хабарлайды LS.
«ҚазНет Медиа» «Аксоран» және «Инстафон»компанияларының 100% қатысушысы. «Аксоран» және «Инстафон» Diji және Instafon брендінің WiMax технологиясын қолдану арқылы байланыс провайдерінің коммерциялық қызметін көрсетеді. «Компанияның басты активтерінің бірі - оның жиілігі. Олар LTE/4G қызметін жеткізу үшін пайдаланылады. Бұдан бөлек радиожеліге, абонент базасына және сауда маркаларына әсер етуші активтері бар. Дегенмен Kcell опреаторы үшін бұл жиілік қажет емес. Ол компания активтерін нарықтық және технологиялық сұранысқа ие болуына байланысты басқа қызмет түрлеріне пайдаланады», - деді оператор жоспары туралы Н. Еськова.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024