Қазақстанда жыл сайын кедендік рәсімді өткізуден 2 млрд теңге үнемдеуге болады. Бұл туралы ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин мәлімдеді деп хабарлайды ҚазТАГ.
"Біз жақында ғана кедендік реформалауға сараптама жасадық. Барлық рәсімдер елімізге қанша шығын әкеледі деп ойлайсыздар? Мемлекет жылына 4,5 млрд теңге жұмсайды. Барлық рәсімдерді жекелей қарап отырып, қай жерде қысқарту қажеттігін, қай жерде оңтайландыру керектігін есептедік",- деді Д.Ерғожин салықтық және кедендік әкімшілікті жетілдіру жөніндегі дөңгелек үстел кезінде.
"Мемлекет 2 млрд теңге үнемдейді, адамдар да артық істен босатылады. Бізде мемлекеттік қызметке үнемі кадр жетіспейді ғой, оларды сол жаққа жібереміз. Әрине, жемқорлық та азаяды. Кейбіреулер үшін бұл қызық емес болуы мүмкін. Біз қазір осы мәселемен жұмыс істеп жатырмыз",- деп атап өтті ол.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024