KEGOC акциялары IPO-ға шыққаннан бері тағы бір ең жоғарғы өсуін көрсетті. Бұл туралы LS хабарлайды.
9 қараша күнгі Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша компания қағаздарының құны 715 теңгеге жетті.Жұма күнгі (6 қарашадағы) KEGOC баға белгіленімімен салыстырғанда 2,1%-ға өскен. Сауда-саттық рекордты көрсеткіш 715,01 теңге аясында жабылды. Акциялармен сауда-саттық көлемі 21,6 млн теңгені құрады.
Дереккөз: KASE
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейінгі компания акцияларының жоғарғы баға көрсеткіші 620 теңге болған еді.
Фото: kapital.kz сайтынан алынды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024