KEGOC және Kcell акциялары жұма күнгі Қазақстан қор биржасында (KASE) күрт өсім көрсетті деп жазады LS.
Баға белгілеудің өткен күнімен салыстырғанда KEGOC акциялары бірден 6,5 пайызға өскен. Компания қағаздарының саудасы бір акция үшін 495 теңгемен жабылды. Тағы бір өсім көрсеткен акциялар Kcell ұялы телефон операторының акциялары. Олар 5,7 пайызға қымбаттады. Одан бөлек, "Қазақтелеком" акциялары 1 пайызға, ҚазТрансОйл 0,3 пайызға, KAZ Minerals 1,5 пайызға өсті. Керісінше, күрт төмендеу Халық банкі акцияларынан байқалды (-7,1 пайыз). "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру баға белгіленімдері 0,8 пайызға төмендеді. Естеріңізге сала кетейік, Қазкоммерцбанк пен ЦентрКредит банк сауда өткізілген жоқ. KASE индексі 2015 жылдың 21 тамызы қорытындысы бойынша 1,61 пунктке немесе 0,18 пайызға өсті. Қазақстандық биржада түскеніне қарамастан, Халық банк акциялары Лондон биржасында 2,71 пайызға өсті. Отандық компаниялардың ішінде мына компаниялардың қағаздары төмендеді: "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру (-2,41%), Kcell (-1,67%) және KAZ Minerals (-0,79%).Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024