Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

KEGOC 5 миллион теңгеге жуық айыппұл арқалауы мүмкін

KEGOC 5 миллион теңгеге жуық айыппұл арқалауы мүмкін

Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті KEGOC қазақстандық компаниясына жоспардан тыс тексеру жүргізіп, заңбұзушылықтарды анықтап, сотқа жіберді. Бұ туралы ҰЭМ баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті құбыр өнімдерін өндіру жөніндегі зауыттың өтініші негізінде, «KEGOC» АҚ-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның қорытындысы бойынша тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі бөлігінде Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталды», – делінген хабарламада.

«KEGOC» АҚ-на қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 164-бабының төртінші бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, субъектінің өтініші бойынша соттың қарауына берілді.

Егер әкімшілік іс ТМРК пайдасына шешілсе, «KEGOC» АҚ-на 4 900 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін.

Похожие материалы