Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – KEGOC 2018 жылдың ІІ жарты жылдығындағы дивидендтерді төлеуге 14,2 млрд теңге қаржы жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл туралы қаржы жөніндегі басқарушы директор Айбек Ботабеков хабарлады.
«KEGOC-тың таза пайдасы өткен жылы 40 млрд теңгені құрады. Олардың 87,7%-ы акционерлерге дивиденд төлеуге бөлінді. II жарты жылдықта сыйақыға 14,2 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр, бұл акцияға шаққанда 54,53 теңгені құрайды. Шамамен 15 мамырдан кейін төлем жасау басталады», - деді Ботабеков.
Оның мәлімдеуінше, соңғы шешімді акционерлер 3 мамыр күні жылдық жалпы жиналыста қабылдайды. Сонымен қатар, акционерлер жиналысында аудиттің мәселелері талқыланады.
Белгілі болғандай, 2018 жылдың І жартыжылдығында компания дивидендтерге 20,9 млрд теңге немесе 80,53 теңге жұмсаған.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024