Алматы. 12 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылдың І жартыжылдығында KEGOC табысы 17,9 млрд теңгені құрады. Бұл 2016 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 10,9 пайызға көп. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.
Жарты жылдағы табыс көлемі 74,3 млрд теңгені құрап, 2016 жылдың аталған мерзімінен қарағанда 20,1 пайызға артты.
Жалпы табыс 25,7 млрд теңгеден 33,5 млрд теңгеге жетті (өсім - 30,4%).
Ал операциялық табыс 21,1 млрд теңге болды. 2016 жылдың І жартыжылдығында бұл көрсеткіш 20,4 млрд теңге болған (өсім – 32,6%).
Сонымен қатар, салық төлемін алғанға дейінгі табыс 6 айда 23,5 млрд теңгеге (өсім – 15,5%) теңесті.
2017 жылдың 30 маусымында компания активтері 611,4 млрд теңгені құрап, 3,2 пайызға қысқарды. Бұл көрсеткіш 2016 жылдың аталған мерзімінен қарағанда 632 млрд теңгеге аз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024