Экономика
Келесі жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлерге мерекелік сыйақы төленбейді
Астана. 28 қазан. 7kun.kz - 2017 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлерге жалақы олардың қызметінің нәтижесі бойынша беріледі. Бұл туралы ҚР-дағы мемлекеттік қызмет және жемқорлықпен күрес агенттігінің мемлекеттік қызмет департаменті директорының міндетін атқарушы Жарқын Тілеукенов хабарлады.
"Негізі "13 жалақы" деген түсінік жоқ. Тек "қосымша сыйақы және үстемелер" бар. Ұлт жоспарының бесінші және алтыншы қадамында еңбекақыны төлеу мәселесі көрсетілген. Яғни мемлекеттік қызметкерлердің жұмысының нәтижесіне қарап, оларға бонустар мен сыйақылар төленеді", - деді Тілеукенов журналистер сұрағына жауап бере отырып.
Оның түсіндіруінше, бүгінде бағалау жүйесі мемлекеттік қызметке енгізіліп жатыр. "Бұл жүйе бойынша, қызметкер бір жыл ішінде орындауы қажет барлық көрсеткіштер жазылған жоспар құрылады. Келесі жылдан бастап әр қызметкердің еңбек нәтижесі бойынша бонус төленеді", - деп түсіндірді ол.
"Қазір біз мерекеге байланысты төлейміз, тоқсандық сыйақылар бар. Бірақ жаңа жүйе енгізілгенде мерекелік бонустар деген болмайды, олар тек нақты еңбек нәтижесі бойынша ғана беріледі. Яғни толығымен объективті, ашық жүйе болады. Егер жұмыс істесең төленеді, егер бәрін орындамасаң тек жалақыны ғана қанағат тұтасың", - деді ол.
Өз кезегінде, мемлекеттік қызмет сферасындағы бақылау департаментінің директор орынбасары Мақсат Мусин заңда "13 жалақы" деген норманың жоқ екендігін нақтылады. Қазір мереке кезінде қызметкерлерге сыйақы төлеу туралы шешім мемлекеттік органның басшысы арқылы қабыладанады.
"Қазір біздің агенттік мемлекеттік қызметкерлерді ынталандырудың жаңа жүйесін құрастырып жатыр. 2017 жылдың ортасына дейін оны аяқтаймыз деп ойлаймын. Сол кезде мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы тек олардың еңбек нәтижесіне байланысты болады", - деп мәлімдеді Мақсат Мусин.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024