Бүгін Үкіметте Ұлттық банк басшысының доллар бағамы алдағы маусымда 190 теңгеден жоғары болмайды деген уәдесінде неге тұрмағанына түсінік берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кәрім Мәсімовтің айтуынша, 15 шілдеде Ұлттық банк валюта дәлізінің кеңеюі жайлы шешімді теңге бағамының иілгіш әрі еркін құрылуын қамтамасыз ету мақсатында шығарды. "Алайда, жаһандық экономикадағы жағдай нашарлап жатыр, еліміздің негізгі экспорттық өнімдері - мұнай мен металлға деген әлемдік бағасы түсіп жатыр, бұл жалпы ішкі өнімге жағымсыз әсер етеді және отандық экономиканың сыртқы шоктарға осалдығын арттырады", - деді премьер-министр. Оның айтуынша, экспорттық табыстардың төмендеуі республикалық бюджеттің табысы мен елдің төлем балансына жағымсыз әсерін береді. Бүгін ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған. Ол Үкіметтің және Ұлттық банктің халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобын қолдау бойынша және бағаның , әсіресе маңызды азық-түлік пен қызметтердің бағасының негізсіз өсуін болдырмау бойынша шараларды жүргізетінін айтты. "Айырбас бағамының мемлекеттің қатысуынсыз жүзеге асырылатын нарықтағы сұранысы мен ұсынысы экономикалық дамуды қайта құруға, кредиттік және инвестициялық белсенділіктің жоғарылуына, 3-4 пайызға дейін ұзақ мерзімді перспективада жаңа жұмыс орындарын ашуға қажетті мүмкіндіктерді туғызады", - деді Мәсімов.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024