Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кеңес Рақышевтің компаниясы шығынға ұшырады

Кеңес Рақышевтің компаниясы шығынға ұшырады

Алматы. 29 қараша. 7kun.kz — Кеңес Рақышевтің Fincraft Group компаниясы өткен алты айда 2,872 млрд теңге таза шығынға ұшырады. Бұл деңгей 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 479 есеге өсті.

Компанияның пайыздық емес шығыны есепті кезеңде 3 мың еседен астамға өсті – 6 млн теңгеден 18,8 млрд теңгеге дейін. Мұны Fincraft Group қаржылық есебі дәлелдейді.

Өз кезегінде, 2019 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталған алты ай ішіндегі пайыздық емес табыс 13,3 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар, Fincraft Group-тың 2019 жылдың есепті кезеңінде пайыздық шығысы 2,3 млрд теңгеден асты. Ал пайыздық табыс - 2,9 млрд теңге.

KASE мәліметтері бойынша, қарашаның басында Novacom Corporation-ның жалғыз акционері Кеңес Ракишев компания атауын Fincraft Group деп өзгертті. Кәсіпорын холдинг қызметімен айналысады, БТА банкінің дауыс беретін акцияларының 29%-на иелік етеді.

Похожие материалы