Нұр-Сұлтан. 18 тамыз. 7kun.kz – Қазақстанда бір жыл ішінде кеңсе тауарларының бағасы1 2,3%-ға өсті. Кейбір өңірлерде бағаның өсуі 50,1%-ға жетті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Energyprom.kz мәліметінше, 2022 жылғы шілдедегі жағдай бойынша өңірлер бойынша бағаның ең көп өсімі Түркістан облысында байқалды – 50,1%. Сонымен қатар Атырау (31,1%) және Ақмола (14,7%) облыстарында және Алматы қаласында (14,5%) да баға айтарлықтай қымбаттады.
Кеңсе тауарларының ең аз қымбаттаған бағасы Жамбыл облысында тіркелді –1,2%.
Мәселен, сурет дәптерлерінің бағасы бір жылмен салыстырғанда 14,1%-ға, шарикті қаламдар 13,2%-ға, түрлі-түсті қарындаштар 12,1%-ға, дәптерлер 12%-ға, А4 форматындағы қағаз 10,6%-ға қымбаттады.
Ал биылғы шілдеде білім беру қызметтерінің бағасы 11,5%-ға өсті. Оның ішінде мектепке дейінгі білім беру қызметтері бір жылда 7,1%-ға, орта – 6,8%-ға, кәсіптік орта – 11,7%-ға, жоғары – 17,7%-ға, ересектерге білім беру – 10,7%-ға қымбаттады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024