Нұр-Сұлтан. 8 маусым. 7kun.kz - Егер қазақстандық ғалымдар киіктердің санын реттеу керек деп айтса, олардың санын азайтамыз деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, деп хабарлайды 7kun.kz.
"Бүгінгі таңда киіктердің саны 1,3 млн-нан асты, біздің ғалымдардың мәлімдеуінше, шамамен, 700-800 мың болса жеткілікті. Егер ғалымдарымыз киіктердің санын реттеу қажет деп айтса, біз мұны істейтін боламыз. Бұл жануарлар санын биологиялық реттеу деп аталады", – деді министр сәрсенбіде Мәжіліс отырысынан кейін.
Сонымен қатар, министр ауланатын киіктердің саны бойынша лимит белгіленетінін айтты.
Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының шаруа қожалықтарының иелері киіктердің популяциясының өсуіне байланысты шағым айтқан. Жабайы жануарлар олардың егіс алқаптары мен шабындықтарын таптап, зор зиянын тигізіп жатқанын мәлімдеген. Ал БҚО әкімдігінде киіктердің санын азайту үшін жабайы жануарларды ұстап, олардың етінен консервілер жасауды ұсынды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024