Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ким Чен Ын мен Трамптың кездесетін жері белгілі болды

Ким Чен Ын мен Трамптың кездесетін жері белгілі болды
Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz - Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамппен екі Корея шекарасында орналақсан демилитаризацияланған аймақ Пханмунджом елді мекенінде кездесуге өз келісімін берді деп жазады CNN.  Аталған орынды Оңтүстік Корея президенті 27 сәуірде өткен саммитте Мун Чже Ин ұсынған. Оңтүстік Корея президентінің айтуынша, Пханмунджомда екі ел басшысының кездесуі үшін бүкіл жағдай жасалған. CNN-ның хабарлауынша, кездесу барысында кейбір шаралар Солтүстік Корея жақта өтуі мүмкін. Америка президенті Дональд Трамп Twitter-дегі парақшасында жуық арада КХДР-ның басшысымен болатын кездесудің нақты уақытын жариялаймын деп жазған еді. Бұған дейін екі ел басшысы Сингапур немесе Моңғолияда кездесуі мүмкін деген ақпарат тараған.

Похожие материалы