Астана. 19 қазан. 7kun.kz – Үкімет Астанада LRT құрылысын жалғастыру үшін резервтен 20 млрд теңге бөлді. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, бұл жобаның одан әрі дамытудың түрлі схемалары мен нұсқаларын зерттей келе, билік оны жүзеге асыруды жалғастырып, құрылысты аяқтау қажет деген ортақ пікірге келген. Бұл шешім халықаралық сарапшылар мен қала тұрғындарының пікірлерін ескере отырып қабылданған.
Енді бұл жоба біршама оңтайландырылған түрде жүзеге асырылады.
«Қазір біз бұл жобаны қаржыландыруды жалғастырып жатырмыз, атап айтқанда, күзде құрылысты жалғастыруға қосымша 20 млрд теңге бөлдік. Бұл ақша игерілетін болғандықтан, біз оларды игерудің тиімділігіне, осы жоба аясында тұрған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге қарайтын боламыз. Осыдан кейін осы жобаны біз жоспарлаған көлемде аяқтау үшін кезең-кезеңімен қосымша қаражат бөлеміз», – деп Смайылов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024