Экономика
Үкімет Қазақстандағы инфляция деңгейін 5-7 пайыз арасында ұстап тұруды жоспарлайды
Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz - Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов үкімет отырысында айтты.
«Ұлттық банк жүргізіп отырған экономикалық саясат биыл ары қарай экономиканың тұрақты өсуін қаматамасыз етіп, инфляция деңгейін 5-7 пайыз аралығында ұстап тұруға мүмкіндік береді», - деді министр. Сонымен қатар, Қазақстан үкіметінің қарызын «қауіпсіз деңгейде» - ІЖӨ-нің 20 пайызынан аспайтын деңгейде ұстап тұру жоспарланған. «Бюджет тапшылығын 2017 жылғы ІЖӨ-нің 2,9 пайызынан, 2018 жылы ІЖӨ-нің 1,1 пайызына дейін төмендету жоспарлануда. Бұл үкімет қарызын қауіпсіз деңгейде – ІЖӨ-нің 20 пайызынан асырмауға мүмкіндік береді»,-деді Т.Сүлейменов. 2017 жылы Қазақстандағы инфляция 7,1 пайызды құраған еді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024