Алматы. 25 желтоқсан. 7kun.kz - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев үкіметтегі баспасөз конференциясы барысында Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы тапсырмаларының орындалуы және 2020 жылға арналған басымдықтар туралы баяндады.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет мүшелері еліміздің барлық өңірлерінің тұрғындарымен, оның ішінде аудан орталықтары мен шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесті. Барлығы 500-ден астам кездесу өткізіліп, азаматтардан 70 ұсыныс келіп түсті, 2500 сұраққа жауаптар мен түсініктемелер берілді", - деп атап өтті Сапарбаев.
Халықтың табысын арттыру туралы айта келе, вице-премьер алдағы жылы 500 мың мұғалімнің жалақысы 25%-ға, 215 мың дәрігер мен медбикелердің жалақысы тиісінше 30%-ға және 20%-ға өсетініне уәде берді. Сондай-ақ, оның айтуынша, жалақының артуы 34 мың мәдениет, өнер, мұрағат қызметкерлері мен 25 мың әлеуметтік қызметкерлерге қатысты болады.
«Жыл сайын зейнетақы мөлшері инфляцияны ескере отырып 7%-ға өседі, мемлекеттік жәрдемақы 5%-ға артады. Ал мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар 30%-дан кем болмайды", - деді Сапарбаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024