Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz – ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банк халықтың әл-ауқатын арттыру, экономикалық өсімді ұлғайту, инфляциялық процестерді төмендету және қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп отырған саясат сақталатыны туралы мәлімдеді.
Мәлімдемеде айтылғандай Үкімет пен Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының бұрын берген тапсырмалары мен бастамаларын орындайды.
Мемлекеттік бағдарламалар мен құрылымдық реформаларды іске асыру Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының және «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына тиімді қол жеткізу үшін жалғастырылады.
Биыл экономика өсімі 3,8%-дан төмен емес деңгейде, ал инфляция 4-6% дәлізінде күтіліп отыр.
Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған тұрақты болжамды қазыналық саясатты жүргізуін жалғастыра береді. Барлық бюджеттік міндеттемелер және әлеуметтік бастамалар толық көлемде орындалады. Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтер бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуге ерекше көңіл бөлінеді.
Ұлттық Банк төмен инфляцияны қолдауға бағытталған болжамды ақшалай-несие саясатын жүргізуін жалғастырады. Валюта нарығында, банк секторында және қаржы нарығының басқа сегменттерінде жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданады. Ұлттық Банктің жеткілікті көлемде алтын-валюталық активтері, сондай-ақ теңгенің айырбас бағамына қатысты алыпсатарлық операциялардың алдын алу үшін қажетті құралдары, оның ішінде реттеу құралдары да бар.
Ағымдағы экономикалық ішкі және сыртқы факторлар ел экономикасының тұрақты дамуына ықпал етеді. Жағымсыз тәуекелдер көрініс берген жағдайда Үкімет пен Ұлттық Банк олардың салдарын барынша азайту және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстарға ие.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024