Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Үкімет пен Ұлттық Банк жариялаған теңгелік депозиттері қорғау бағдарламасы қандай депозиттерге қатысты қолданылады

Үкімет пен Ұлттық Банк  жариялаған теңгелік депозиттері қорғау бағдарламасы қандай депозиттерге қатысты қолданылады

Кеше Үкімет пен Ұлттық Банк жариялаған теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасы қандай депозиттерге қатысты деген сауал көп көңілінде жүр. Бүгін Ұлттық банк түсініктеме берді.

Үкімет пен Ұлттық Банктің бірлескен мәлімдемесінде Бағдарлама ағымдағы және карточкалық шоттарға, сондай-ақ, талап етілгенге дейінгі депозиттер мен шартты депозиттерге қолданылмайды делінген.

Талап етілгенге дейінгі депозиттерде мерзімінен бұрын алу құқығымен қатар депозиттердің осы түріне ғана жататын бірқатар белгілер бар. Біріншіден, олар бойынша сыйақы мөлшерлемесі 0,1% деңгейінде шектелген. Екіншіден, оның мерзімі шектелмеген, яғни келісімшарттың белгілі бір мерзімі жоқ.

Бұл депозиттер қазақстандық банк жүйесінде кең таралмаған - олардың үлесі жеке тұлғалардың теңгелік салымдарының шамамен 0,1%-ын құрайды.

Бағдарламаға қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің барлығында пайыздық мөлшерлеме бойынша қолжетімді, сондай-ақ мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі қарастырылған, кең таралған мерзімсіз, мерзімді теңгедегі депозиттер қатыса алады.

Бұдан басқа, Бағдарламаға теңгедегі жинақ депозиттері, «Отбасы банк» АҚ-дағы тұрғын үй құрылыс жинақ депозиттері, сондай-ақ мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында екінші деңгейдегі банктерден ашылған салымдар қатыса алады.

Бұл депозиттердің барлығы 2022 жылғы 23 ақпан күнінің соңындағы жағдай бойынша салымдарға кепілдік беру жүйесіне қатысушы – бір немесе бірнеше екінші деңгейдегі банкте және «Отбасы банк» акционерлік қоғамында ашылған болуы тиіс.

Жақын уақытта Үкімет пен Ұлттық Банктің бюджет қаражаты есебінен жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы (сыйақы) есептеуді регламенттейтін тиісті актілерді қабылдайды.

Похожие материалы