Үкімет құс өсірушілерге арналған мемлекеттік қолдау көлемін арттыруы мүмкін
Үкімет құс өсірушілерге деген мемлекеттік қолдау көлемін арттыруы мүмкін. Бұл жайында Құс өсірушілер одағының жиынында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.
Оның айтуынша, бүгінгі күні отандық құс өсірушілер ресейлік рубль курсының құлдырауына байланысты қиын жағдайда қалған.
«Біз ресейлік өнімнің көптеп келуі және басқа да импорттық өнімнің молынан ағылуынан өнімдеріңізді сатуда қиындықтар туындап отырғанын білеміз. Біздің интеграциялық процестер жағдайында, ең алдымен бәсекелестік ережесін бұзатын импортқа қарсы күресуге тиіспіз. Техникалық регламенттерді, санитарлық нормаларды бұзып, елімізге жеткізілетін көптеген тауарлар мен өнімдер, түрлі сұйықтықтар мен сумен ісіндірілген ет өнімдері ағылуда. Міне осындай импорт түрлерімен күресу қажет», - деді Асылжан Мамытбеков.
Осыған байланысты министр Үкімет отандық өндірушілерге мемлекеттік қолдау көлемін арттыру арқылы көмек көрсетілуі мүмкін екендігін жеткізді.
«Нақтыланған бюджетте құс өсірушілерге қосымша қаржы бөлінген. Ол құс азығы бағасын арзандатуға бағытталады. Екіншіден, субсиция көлемі арттырылатын болады», - деді министр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024