Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар 200 млрд теңгені жария етпек

Қазақстандықтар 200 млрд теңгені жария етпек

Бүгінгі күні қазақстандықтар 200 млрд теңгені заңдастырғысы келеді. Алайда бұл үкімет жоспарлаған мөлшерге әлі жақындай қойған жоқ, сондықтан қаржы ведомствасы құқық қорғау органдары және кәсіпкерлердің Ұлттық палатасымен бірігіп аталған акцияның тартымдылығын арттыратын қосымша шаралар жүргізбекші.

"Дәл қазіргі сәтте жалпы 200 млрд теңгені заңдастырғысы келетін өтініштер түсті. Ал екінші деңгейлі банктерде 10 млрд теңге жинақталған есепшот ашылған", - деп хабарлады қаржы министрі Бақыт Сұлтанов орталық коммуникациялар Қызметінде.

"Аталған соманың үштен бір бөлігі есепшот иелері өз қажеттіліктеріне алып үлгерді. Мерзімінен бұрын ақшаны алған кезде, бюджетке 10 пайыздық жинақ есептеледі. Яғни мемлекет қазынасы 300 млн теңгеге толықты. Ал ол есепшот иелерінің үштен бір бөлігі қаржыларын бюджет жинағынсыз пайдалануға болатын заңды құралдарға айналдырды", - деп түсіндіріп өтті ведомства басшысы.

Сұлтановтың сөзінше, алғашында үкімет заңдастыру кампаниясы кезінде 10-12 млрд доллар жария етіледі деп жоспарлаған.

"Біз қыркүйек айында акцияны бастаған кезде, тек талаптар ғана болды. Бүгін ішкі және сыртқы нарықта да жағдай өзгерді. Әзірге акция жалғасып келеді. Осыған дейінгі тәжірибемізге сүйенсек, негізгі белсенділік жыл соңында байқалмақ", - дейді ол.

"Біз Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және құқық қорғау органдарымен біріге отырып, аталған акцияның тартымдылығын арттыруға әсер ететін шараларды жақын уақытта сіздердің назарларыңызға ұсынамыз",- деп қорытындылады ол.

 

Похожие материалы