Алматы. 8 сәуір. 7kun.kz – Алматы қаласының қоғамдық кеңесі қала әкімі Бауыржан Байбектің «Көк-Жайлау» курортын салуды кейінге қалдыру туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлайды ҚазТАГ.
«Біз экономиканың, қоғамның және экологияның теңгерімін сақтауымыз керек, яғни қоршаған ортаға минималды әсер ететін заманауи курорттар құруымыз керек. Менің ойымша, біз асығыс емеспіз. Жаңа орындардың барлық сараптамалық пікірлерін және перспективаларын ескеру қажет. Сондықтан жобаны пысықтауды және әзірге кейінге қалдыруды ұсынамын. Оның үстіне, сарапшылардың пікірінше, жұмыс істеп тұрған курорттарды дамыту кемінде 3-5 жыл болады. Осы уақыт ішінде қажетті тәжірибе жинаймыз, кадрларды даярлаймыз, курорт тұрғындары мен қонақтарының пікірін зерттейміз. Осыдан кейін ғана «Көк-Жайлау» тау шаңғысы курортының құрылысына кірісе аламыз», – деп мәлімдеді Байбек Қоғамдық кеңес отырысында.
Қоғамдық кеңес мүшелерінің көпшілігі әкімнің ұсынысын қолдады, бір адам қалыс қалды.
«Таулар біздің басты бәсекелі артықшылығымыз және біз оны қолдануымыз керек. Австриялық сарапшылардың бағалауы бойынша, оны жүзеге асыруға 7-10 жыл ішінде 1,5 млрд доллар салып, экономикаға жыл сайын 2 миллиард доллар тартуға болады. Бұл өте маңызды - 20 мыңнан астам жұмыс орны құрылады», - деді әкім.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024