Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Конституциядағы өзгертулерге ең көп «қарсы» дауыс берген өңір анықталды

Конституциядағы өзгертулерге ең көп «қарсы» дауыс берген өңір анықталды

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz – Референдумның алдын ала нәтижелері бойынша, қатысушылардың 18,66%-ы Конституцияға енгізілген түзетулерге қарсы дауыс берген, деп хабарлайды 7kun.kz.

Өңірлер бойынша алматылықтар ең көп қарсы дауыс берген. Жалпы үлесі – 27,41%. Мегаполис тұрғындарының 65,22% қолдап дауыс берген.

Алматылықтардың референдумға қатысу көрсеткіші де төмен. Барлығы 1 129 117 алматылық қатысуы керек болған, алайда іс жүзінде тек 373 057 адам дауыс берді. Бұл өңірлер арасындағы референдумға қатысудың ең төменгі нәтижесі.

Сондай-ақ, Алматы жарамсыз және ескерілмеген бюллетеньдер бойынша ең жоғары көрсеткіштерге ие болды, 4,6% және 2,77%.

Жалпы, Конституцияға өзгерістер енгізуге қарсы дауыс берген референдумға қатысушылардың үлесі төмендегідей:

  • Алматы – 27,41%;
  • Маңғыстау облысы – 26,39%
  • Ақтөбе облысы-24,71%;
  • БҚО – 24,16%;
  • Атырау облысы-23,29%;
  • Қостанай облысы-20,87%.

Похожие материалы