Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Конституциялық реформаның маңызы қандай?

Конституциялық реформаның маңызы қандай?

Мемлекеттік биліктің өкілеттіліктерін қайта қарау туралы ұсыныс жыл басында айтылған еді. Кейінірек Президент Әкімшлігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков басқарған арнайы жұмыс тобы құрылды. Ал апта ортасында президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесі туралы түсіндірді. Назарларыңызға алдағы реформа туралы мемлекет басшысы айтқан қысқаша тезистерді ұсынамыз

Реформаның маңызы: президент өкілеттігінің белгілі бір бөлігі парламент пен үкіметке беріледі. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың түсіндіруінше, қазіргі уақыт жаңа өзгерістерді қажет етеді, ал мықты президенттік билік еліміз енді ғана қалыптасқан кезде керек еді. "Ұсынған реформаның маңызы - билік өкілеттілігін қайта бөліп, саяси жүйені толығымен демократияландыру".

Парламент пен үкіметке президенттік өкілеттіліктің қаншауы өтеді? 40-қа жуық.

Бұл үшін Конституция мен заңға қажетті өзгерістер енгізуі керек. Ол түзетулерді үкімет сессияның соңына дейін парламентке ұсынуы қажет.

Президент құзырында қандай билік болады?

Стратегиялық қызметтер, билік тармақтарының арасындағы қатынастардың жоғары арбитрі рөлі, сыртқы саясат, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс қабілеті.

Президент қандай өкілеттіліктен бас тартады?

Президент үкіметтің немесе премьер-министрдің актілерінің қызметін уақытша тоқтату немесе кері шегеру деген құқықтан бас тартады. Мемлекет басшысы енді заңды күші бар президенттік жарлық шығара алмауы мүмкін. Үкімет өкілеттілігінен президенттің алдында емес жаңа таңдалған мәжілістің алдында бас тартады.

Президенттің қандай қызметтері үкіметке беріледі?

Әлеуметтік-экономикалық процесстерді реттеу бойынша өкілеттіліктердің көп бөлігі. Бұл салаға министрлер кабинеті мен әкімдіктер жауап береді. Бұдан бөлек, үкіметтің мемлекеттік бағдарламаларды бекітуге және оған жауапкершілікті алуға құқығы болады. Сондай-ақ үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды өз бетінше қалыптастырып немесе таратып жібере алады.

Парламент рөлі

Бұған қатысты өзгерістер Конституцияға түзету енгізуді қажете етеді. Парламент оның ішінде сайлауда жеңіске жеткен бір партия үкімет қалыптасуында шешуші рөл атқарады.

Үкімет өкілеттілігінен жаңа таңдалған мәжіліс алдында бас тартады. Парламент тарапынан үкімет мүшелеріне сенімсіздік білдіру тәртібі жеңілдетіледі. Жергілікті атқарушы органға қатысты парламентт рөлі күшейеді.

Реформалар тағы қандай салаларға әсер етеді?

Конституциялық кеңес, сот жүйесі және прокуратураның әрекетін жетілдіру туралы сұрақ талқыланып жатыр.

Конституциядағы өзгерістер қалай талқыланады?

"Қазақстан Републикасының Конституциясына өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы" атты заң жобасын талқылау туралы жарлық шығарылды. Түзетулер БАҚ-та талқыланады. Барлық пікірлерді мемлекеттік биліктің өкілеттіліктерін қайта қарау бойынша жұмыс тобы жинақтап, соған байланысты заңға өзгерістер енгізіп, оны президенттің қарауына жібереді.

Похожие материалы