Алматы. 6 мамыр. 7kun.kz — 2020 жылдан бастап көпбалалы отбасылар ЖТС-дан салық шегерімін ала алады. Бұл туралы Мемлекеттік кіріс комитеті хабарлады.
Шегерімдер отбасына – айына 23 АЕК (58 мың теңге) есебінен немесе әр ата-анаға жеке-жеке 12 АЕК (30,3 мың теңге) есебінен жүргізіледі. Осылайша, бір жыл ішінде ата-анасының екеуіне де жиынтығы 282 АЕК (712 мың теңге) сома беріледі.
Бұл өзгерістер Салық кодексіне енгізілді және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
«Көпбалалы отбасылар күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша төрт немесе одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары болған жағдайда, осындай балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерімен растай отырып,салықтық шегерімдерді қолдана алады», - деп түсіндірді ведомствода.
Бұдан басқа, Қаржы министрлігі салық жеңілдіктерін қолдану үшін жеке тұлғаның өтінім формасын бекіткен. Бұл өтінішті жұмыс берушіге немесе салық агентіне ұсыну қажет.
Айта кетейік, 2019 жылы жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін айлық есептік көрсеткіш 2 525 теңгені құрайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024