Қыркүйектің соңында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы және Грузия Сауда-өнеркәсіп палатасы бірлесе ұйымдастырған Қазақстан – Грузия бизнес-форумы өткен болатын. Бизнес-форум тау-кен, құрылыс және машина жасау салаларының ірі қазақстандық кәсіпорындарымен және әлеуетті грузиялық сатып алушылармен тікелей байланыс орнатқан негізгі диалог алаңына айналды. Нәтижесінде екі елдің сауда палаталары арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Қазіргі уакытта қазақстандық «IT&M» компаниясының Грузияға көпіршіктелген каучук жеткізуі туралы келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ көшпелі кездесулер аясында «DIO» компаниясы Қазақстандағы заманауи аз шығынды тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған «KazMinerals» компаниясынан алюминий мен мыс сатып алуға қызығушылық білдірді.
Қазақстан Грузияға мұнай өнімдерін, азотты тыңайтқыштар, макарон өнімдерін, темір прокаттарын, темекі, тоңазытылған балық, дәрі-дәрмекті экспорттауда. Ал, біз Грузиядан шарап, алкогольсіз сусындар мен минералды сулар, металл құбырлар, вакциналар, сүт импорттап отырмыз.
2018 жылдың қаңтары мен шілдесісінде екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымы 2017 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 67%-ға ұлғайып, 77 млн АҚШ долларын құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024