Алматы. 29 қаңтар. 7kun.kz — 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда коронавирус 2019-nCoV анықталды. Оның таралуы Apple смартфондарының өндірісіне зиян келтіруі мүмкін.
Bloomberg мәліметтеріне сәйкес, iPhone, iPad және Apple Watch көптеген модельдері Чжэнчжоудағы Foxconn және Шанхай маңындағы Pegatron құрастыру алаңдарында жиналады. Олар коронавирустың алғашқы іздері табылған Ухань қаласынан 500 км қашықтықта орналасқан. Қазір аталған қала карантинге байланысты жабылды.
Moor Insights&Strategy талдау агенттігінің сарапшысы Патрик Мурхед ақпаратынша, Apple қызметкерлерінің саны 10 мыңға жуық, ал компания өнімдерін жеткізуге миллиондаған адам жұмылдырылады. Қытай Жаңа жылы қарсаңында жұмысшылардың көпшілігі соңғы бірнеше күн бойы өз үйлеріне кеткен. Бұл ретте, Apple қызметкерлерден коронавирустың таралуын болдырмау үшін жұмысқа шықпауды өтінді ме, жоқ па, белгісіз.
Айта кетейік, ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметтері бойынша, коронавирустан 28 қаңтардағы жағдай бойынша қайтыс болғандардың жалпы саны 106-ға жетті. Бұл ретте ауру жұқтырғандардың саны бес мыңға жақын.
Патрик Мурхедтің айтуынша, індеттің дамуына байланысты шикізат жеткізу проблемалары туындауы мүмкін. Бұл Apple өнімдерін өндірудің, жинаудың, тестілеудің және жеткізудің сәтсіздігіне әкелуі мүмкін. Шығарылымы ақпан айында басталуы керек iPhone 9 (SE 2) өндірісі туралы жоспар да бұзылуы мүмкін.
IPhone 9 шығарылымы - Үндістанда және басқа да дамушы елдерде бюджеттік смартфонды сатуды іске қосуға бағытталған компанияның маңызды стратегиялық жоспарының бөлігі. IPhone 9 шығару есебінен компания Қытай нарығындағы құлдырау орнын толтыруға ниетті.
Дегенмен, Мурхед Apple кез келген форс-мажорлық жағдайларға дайын екеніне сенімді, сондықтан қыркүйекте таныстырылуы тиіс iPhone 12 смартфондарын өндіруде қиындықтар болмауы керек.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024