Ұлттық банк валюта нарығында алыпсатарлықпен күресу барысында өз базасында өтімділікті шектеп жатыр. Бұл туралы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева мәлімдеді деп жазады LS.
"Алыпсатарлықты шектеу үшін Ұлттық банк өтімділікке қолжетімділікті өз базасындағы мөлшерлеме арқылы көтеріп жатыр. Бұл өте қауіпті. Себебі біз несие мөлшерлемесінің өсіп жатқанын көріп отырмыз. Үкіметке көмектесемін деп Ұлттық банк саясатқа қарсы және экономикадағы қаржының көлемін азайтып отыр",- деді Ю. Якупбаева. Төраға орынбасарының сөзінше, мемлекттің алтын валюталық резерві мен инфиляциясын көтермей экономиканы несиелендіретін шешімге келу керек. "Несиелендіруге байланысты тенденция жыл басында-ақ беймаза басталды. 9 ай ішінде экономикадағы несие 1,7 трлн теңгеге түсіп кетті. Мұның бәрі экономиканың шынайы секторы мен заңды тұлғалардың несиесі есебінен болды ", - деді ҰКП топ-менеджері. Сондай-ақ, ол банктер арасынадағы мөлшерлеме 60%-ға жеткенін ескертті. "Қазір ҰБ-ның мөлшерлемесі - 16%. Тәжірибе бойынша, мөлшерлеме заңды тұлғалар үшін бағдар ретінде пайдаланылады деуге болады. Банктердің стандартты айырмасы 3,5-4% болатынын ескерсек, қысқаша несие мөлшерлемесіне 20% кіреді. 20% несиелендіруден не болатынын білмеймін. Өйткені бизнесте 20% сауда болады. Яғни біз мемлекеттен тағы қолдау шараларын сұраймыз ", - деді Ю. Якупбаева. Естеріңізге салайық, ҰБ базалық мөлшерлемесін 16%-ға көтеру туралы шешім қабылдаған болатын. Ал өтімділіктің үнемі жеткілікті операциясы бойынша мөлшерлеме - 17%.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024