Нұр-Сұлтан. 11 мамыр. 7kun.kz – Мәжіліске келген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі төмендейтінін айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Агенттік төрағасы 56% мөлшеріндегі жылдық сыйақы мөлшерлемесі банктер үшін 2012 жылы белгіленгенін еске салды.
«Біз зерттеу жүргіздік, жаңа әдістеме әзірледік және қарыз алушының кредиттік тәуекеліне, қаржы ұйымының операциялық шығыстарына байланысты мөлшерлемені белгілеуді ұсынамыз. Нәтижесінде жылдық сыйақы мөлшерлемесі, әсіресе, тұтынушылық несиелер бойынша төмендеуі тиіс. Ол 35-40% шамасында болуы мүмкін. Бұл сыйақының шекті мөлшерлемесі болады» - деді Әбілқасымова.
Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, несиелер бойынша орташа алынған мөлшерлеме қазір шамамен 22%-ды құрайды, бірақ банктер түрлі комиссиялар мен төлемдерді жиі қолданатындықтан жылдық тиімді мөлшерлеме 56%-ға дейін жетуі мүмкін.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024