Алматы. 18 наурыз. 7kun.kz – Kcell желісінде 4G/LTE интернетін тұтыну мөлшері екі есе өсті, ал LTE-қолдайтын смартфондар саны 50%-ға жетті. Бұл туралы
Kcell-дің 2018 жыл қортындысы туралы есебінде көрсетілген.
Өткен жылы интернет Kcell және Activ абоненттерінің интернетті қолдануы 2017 жылға қарағанда 34% өсіп, 258 198 ТБ интернет-трафикті пайдаланды. Сонымен бірге, Қазақстан тұрғындарының 80 пайызға жуығы «Кселл» компаниясының ұялы интернетімен қамтылған.
«2018 жылы 4G желісін кеңейту бойынша елеулі жетістіктерге қол жеткіздік. Қазір халықтың 62% -ы 4G/LTE желісімен қамтылған. Біздің желідегі смартфондардың жалпы саны айтарлықтай өсті - олар 67,4%-ды құрайды», - деп атап өтті Кселл компаниясының бас атқарушы директоры Каспарс Кукелис.
Төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша оператор желісіне 4G құрылғысының енуі алғаш рет 50%-дан асты. Сондай-ақ, 2 млн-нан астам абоненттер 4G қызметтерін пайдаланған. 2018 жылы компания абоненттері 4G/LTE желісінде 131,838 ТБ ғана пайдаланды, оның ішінде 56 728 ТБ Алматы мен Астана қалаларының тұрғындарының еншісінде.
Айта кетейік, 2018 жылы төртінші буын желісі Қазақстанның 25 қаласында пайда болды. Олар: Қапшағай, Текелі, Есік, Қаскелең, Жаркент, Степногорск, Атбасар, Щучинск, Қандыағаш, Шалқар, Аягөз, Зырян, Зайсан, Саран, Шахтинск, Форт-Шевченко, Ақсай , Шу, Жаңатас, Арал, Қазалы, Арыс, Сарыағаш, Ленгер, Жетісай. 2,5 жылдан астам уақыт ішінде 4G/LTE Kcell желісі 57 қалада қол жетімді болды және 17 қалада 4G +/LTE Advanced желісі қосылды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024