
Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz – "Кселл" АҚ 2019 жылдың 28 ақпанында Қазақстан қор биржасында (KASE) 15 млрд теңгеге үш жылдық облигацияларды орналастырады. Бұл туралы KASE-де хабарлады.
"2019 жылдың 28 ақпанында KASE сауда - саттық жүйесінде "Қазкоммерцбанк" АҚ (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KCELb1) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтеді", - делінген хабарламада.
Сондай - ақ, компания қағаздарының номиналды құны 1000 теңгені құрайтыны белгілі болды, айналыс мерзімі - 3 жыл, купондық мөлшерлеме - жылдық 11,50%, төлем кезеңділігі - жылына 2 рет