"KSP Steel" ЖШС - мұнай-газ саласы үшін болат жіксіз құбырлар шығаратын алғашқы Қазақстандық кәсіпорын.
Анықтама
- Құрылған жылы: 2007 жыл
- Саласы: металлургия
- Бас директор: Эдуард Креймер.
- Қызметкерлер саны: 7500-ден аса адам
Тарихы
Компанияның негізі 2007 жылдың басында қаланған.
Компанияның өндірістік орталығы Павлодар қаласында орналасқан, дәл осында 2007 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен KSP Steel зауытының ресми ашылуы өтті.
Кәсіпорынның өндірістік объектілері орналасқан жалпы аумақ шамамен 133 га құрайды. Бұнда 7500 аса кәсіби дайындалған мамандар еңбек етеді. Зауыттың жұмысын Алматы қаласында орналасқан компанияның бас кеңсесі үйлестіреді.
Қызметі
KSP Steel-дің негізгі қызметі түрлі диаметрі мен мақсаты бар жіксіз болат құбырларды өндірумен байланысты. Бүгінде компания өнімі Қазақстанның машина жасау және өнеркәсіптік кәсіпорындармен мұнай-газ өндіретін және геологиялық барлау компаниялар объектілерінде құбырларды салу кезінде қолданылады. Ішкі нарыққа жеткізуден басқа, ол ТМД елдері (Ресей, Әзірбайжан, Түркменстан) мен алыс шетел мемлекеттеріне, соның ішінде АҚШ-қа белсенді экспортталады.
Құбыр илемдейтін зауыттың тиімді географиялық орналасуы өнімді жылдам тиеуге және оны Қазақстан аумағындағы кез келген стансаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Құбыр өнімін Ақтау порты арқылы теңіз кірепұлмен жеткізу мүмкіндігі KSP Steel-ге каспий маңы мемлекеттерінің нарығына, ал Ресей шекарасына таяулығы – Орталық және Шығыс Сібір нарығына шығуға жәрдемдеседі. Бұған, компанияға отандық жіксіз құбырларды әлемнің кез келген жеріне экспорттауға мүмкіндік беретін дамыған көлік жүйесі себеп болады.
"KSP Steel" компаниясының басты бәсекелі артықшылығы және визит карточкасы - әлемнің ең жоғарғы стандарттарына жауап беретін жіксіз құбырлардың сөзсіз сапасы. Бұл бірегей жабдықты, сондай-ақ дайындалған құбыр өнімінің сапасын бақылау және сынаудың жаңа әдістерін ендіру арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі заманғы құбыр илемдейтін өндірістің, қуатты ғылыми-техникалық базасы мен жоғары білікті қызметкерлердің болуы KSP Steel брендтіне әлемдік танылған көшбасшы өнімдерімен тең дәрежеде бәсекелесуге мүмкіндік береді.
Өндіріс
KSP Steel – шикізаттан дайын өнімге дейін – өндірістің аяқталған циклы бар кәсіпорын. Зауыттың өндірістік кешеніне болат құю цехы, құбыр илемдеу өндірісі мен құбырларды тазартып өңдеу желілері кіреді.
KSP Steel зауыты өз саласында танылған көшбасшылар Danieli, MAC, Cartacci, Tuboscope, Bronx, Colinet, PMC, Tiede, Sidermontaggi сияқты компаниялардың жабдығымен қамтылған.
KSP Steel-дің құбыр илемдеу өндірісін құйма дайындамамен қамтамасыз ететін өз болат құю цехы бар.
Компанияның құбыр илемдеу өндірісінің өзегі металлургиялық өнеркәсіпке арналған жабдықтың жетекші әлемдік жабдықтаушыларының бірі - Danieli компаниясымен жобаланған технологиялық кешен.
«KSP steel» ЖШС машина жасау кешені 3000ммХ1500ммХ1500мм ең үлкен габариттік көлемдерімен салмағы 4 килограммнан 5 тоннаға дейін болаттан, шойыннан, қола мен алюминийлі қорытпалардан кез келген пішінді мен кескінді құймаларды дайындайды.
2013 жылы - ферросиликоалюминиді өндіру бойынша цех іске қосылды.
Шар илемдеу өндірісі - жаңа өндірістің жобалау қуаттылығы жылына 48000 тонна шарларды құрайды.
Міндеті мен мақсаты
"KSP Steel" міндеті – ҚР-ның мұнай өндіруші, геологиялық-барлау және машина жасау компанияларын отандық өндірістің сапалы құбыр өнімімен қамсыздандыру. Компания инновациялық технологияларды қолдануға баса назар аударып, елдің өндірістік және экономикалық әлеуетін нығайту мен өсіруге өз үлесін енгізуге тырысуда.
Мақсаты - KSP Steel-дің тұтынушының үмітін қанағаттандыру мен асыруға қабілетті сенімді, ашық және тұрақты серіктес ретінде танылуына қолжеткізу.
Құрылтайшылары
Компания құрылтайшылары: Эдуард Креймер және Asia Pasific Investments Limited (Рашит Сәрсеновпен).
Дереккөздер: kspsteel.kz, forbes.kz.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024