Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz - 2016 жылдың 30 мамырында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 336,49 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минимал курсы 336 теңгені құрады. Максимал курс — 336,95 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 336,50 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 21 млн 600 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 62.
Таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа ресми бағамы 336,73 теңге болды.
Ақша айырбастау орындарында 30 мамырдағы доллардың максимал курсы — 337 теңге.
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024