Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Квазимемлекеттік сектор бойынша 12 компания сатылды

Квазимемлекеттік сектор бойынша 12 компания сатылды
Алматы. 27 наурыз. 7kun.kz - Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты.  Жаплы сатуға 21 объект қойылған. Оның ішінде Ұлттық холдинг бойынша 19 объект, республикалық меншік бойынша 2 объект. Олардың ішінде қазіргі уақытта 14 объект сатылды және ҚазМұнайГаз бен Қазақстан темір жолының IPO-сының шеңберіне 7 объекті өткізілген. Атап айтқанда республикалық меншік бойынша 2 денсаулық сақтау объектісі сатылды («ҚазМедТех» АҚ, «ҚазМедорталық» АҚ). "Квазимемлекеттік сектор бойынша 12 компания сатылды, активтерді сатып алушылар қатарында тиісті салаларда тәжірибесі бар трансұлттық ірі компаниялар бар, мысалы:
  • KTZE-KHORGOS GATEWAY 49%-ы Shanhai Investment & Development Company Ltd COSCO Container Linesке;
  • «Локомотив Құрастыру Зауыты» АҚ-ның 50%-ы GE Transportation Engines Holding B.V. сатылды.
  • «Электровоз Құрастыру Зауыты» ЖШС-інің 50%-ы  француздық Alstom ірі машина жасау компаниясына сатылды, ол – энергетикалық жабдық және теміржол көлігін шығаратын әлемдік көшбасшылардың бірі (Bombardier-мен қатар)"-деді Сүлейменов.
Ірі объектілердің жалпы сатылу бағасы 61 млрд теңгені құрады, бұл олардың баланстық құнынан 20 пайызға жоғары.

Похожие материалы