Аптаның соңына дейін алтын унциясына 1208 долларға дейін қымбаттауы мүмкін. Бұл "Альпари" компаниясының инвестициялық департаментінің жетекші сарапшысы Леонид Матвеевтің болжамы.
"Қазіргі жағдайды доллар трендіне байланысты түзетулермен түсіндіруге болады. Осы жағдайда қысқы мерзімді тауарлар өтімді, соның ішінде алтын да бар. Ал, орта мерзімді мәмілелер үшін бұл кезең қысқа бағдарлар ашылатын уақыт", - дейді сарапшы.
Матвеев өткен аптаның ортасында әлемдік ойыншылардың назары федералды резервтік жүйе (ФРЖ) отырысының қорытындысында болды деп еске сала кетті. "Ол жерде пайыздық мөлшерлеменің өсуі белгілі бір датаға емес, инфляция пен елдің жұмыспен қамтылуы сынды экономикалық көрсеткіштерге байланысты болатындығы айтылды. Нарық отырыс қорытындысын сигнал ретінде түсіндірді. Пайыздық мөлшерлеме жуық арада көтерілмейді. Бұл айтылған болжам көпшіліктің толқынысын туғызды", - деді Матвеев мырзы.
Сонымен бірге, ол өткен аптада доллардың споттық индексінің 97,72 пунтке (-2,45 пайызға)төмендегінін айтты. Матвеевтің сөзіне сүйенсек, ФРЖ шешімі барлық қымбат металдарға әсер етті. "Алтын унциясының бағасы 1180 долларға (+1,99 пайыз), ақ алтын 1139,15 долларға (+1,84 пайыз), палладий - 777,75 долларға (-1,74 пайызға) өзгерді. Ең қатты қымбаттаған металл - күміс. Ол 16,74 долларға (+ 7 пайыз) өсті", - дейді сарапшы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024