Алматы. 5 шілде. 7kun.kz – «НҰР-Медиа» холдингіне жаңа басшы тағайындалды. Бұл лауазымға танымал журналист Танысбай Ләззат Мұратқызы келді.
Ол еңбек жолын «Қазақстан» телеарнасында бастап, кейінірек «Хабар» телеарнасында жұмыс істеді. Мемлекет басшысының Баспасөз қызметінде түрлі лауазымдарда болды. «Астана» телеарнасына басшылыққа келгенге дейін Байланыс және ақпарат вице-министрі болып қызмет атқарды.
«Осы лауазымдарда Ләззат Мұратқызы өзін бұқаралық ақпарат құралдары мен жақсы көшбасшы ретінде талантты маман ретінде көрсетті. Оның тағайындалуы партиялық холдингтің қызметіне серпін беретініне және оның тиімді түрде жаңартылуына өз үлесін қосатынына сенімдімін. Біз «НҰР-Медианы» жұмысын жаңа деңгейге шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұл міндетті Ляззат Мұратқызы шешетініне сенімдімін»,- деді Мәулен Әшімбаев.