Экономистер әлемдік қаржы дағдарысы жыл басына қарағанда мүлде нашарлап кеткенін айтып дабыл қағуда. Бұл туралы vestifinance.ru жазады.
Әлемдік Орталық банктер (ОБ) ұсынған ынталандырушы жаңа бағдарламалар, төмен бағалар, жеңіл ақшалай-несиелік саясат дағдарысқа дейінгі әлем экономикасын одан әрі дамыта алмады. Тек қор нарығындағы баға белгіленімінің жылдам өсіміне қол жеткізді. "Егер тек Қытай экономикасының шынайы өсімін алатын болсақ, әлем экономикасы 2015 жылы 2%-ға ғана өсті десек болады", — деп мәлімдейді француздардың ең ірі корпоративті және инвестициялық банкі Natixis. Банк сарапшыларының айтуынша, өсімнің құлдырауы құрылымдық мәселелермен тікелей байланысты. Сондықтан экономиканың баяу даму кезеңін арнайы "құрылымдық рецессия" терминімен атауды жөн көріп отыр. Есеп беру кезінде банк әрбір мемлекет өзіне тән мәселелермен бас қатырып отырғанда әлем экономикасы тез ретке келмейтінін деп атап өтті. ҚЫТАЙ Қытай мемлекеті еңбек ақыны төлеу жөнінен бәсекеге қабілетті емес. Көрші Ресей мемлекетінде де еңбек ақыны өтеу дағдарыстан кейін бірнеше есе төмендеген. ЖАПОНИЯ Жапония компаниялары ішкі кірістің азаюына байланысты ондаған жылдар бойы тоқырауға ұшырап келеді. Оған дейін топ-менеджмент кірісі өсіп отырса, қазір басқарма мүмкіншілігі біршама төмендеген.ЕУРОПА
Еуропа ұзаққа созылған дағдарыстан әлі де құтыла алған жоқ. Шамадан тыс қарыздар мен белгісіздік инвестицияның және ел экономикасының құлдырауына әкеп соқты. Жаһандық қаржы дағдарысы кезінде ЕО-ның инвестиция көлемі 3,5%-ды құраса, қазір 2,6% ғана болып отыр. Бірлескен инвестиция көлемі соңғы 2 жылда 1%-ға өскен, үй шаруашылығы үнемдеуді мүлде ерте бастап, инвестиция 1%-ға қысқарған.
Еуропа репрессия уысынан шыққанмен, ел экономикасы біраз әлсіреді. ЖІӨ тек 1%-ға өскен.
АҚШ
АҚШ-та мұнай және газ бағаларының төмендеуі мұнай өндіруші компаниялардың біраз жұмысын тоқтатты. Нәтижесінде мемлекет экономиканы тұрақты ұстап тұру үшін инвестиция мен өнеркәсіп өнімін күрт төмендетіп, ЖІӨ 2%-ға құлдырады. Дегенмен, Natixis сарапшыларының мәлімдеуінше, АҚШ - ел экономикасын жылдам қалпына келтіріп жатқан ең бірінші мемлекет.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024