Нью-йорктың ICE Futures биржасында сейсенбі күнгі тауарлар барысында арабика сұрпының кофесінің мамыр айындағы фьючерстері соңғы бір жыл ішінде ең төмен бағаға түсті деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Сессия барысында бағалар 5%-ға, фунті үшін $1,582 дейін түсті, - бұл ретте котировкалар 2014 жылдың 19 ақпанынан бері бірінші рет минимумға (фунті үшін $1,5775) түсіп отыр.
Бұның алдында Terra Forte компаниясы өз болжамын жариялаған еді, ол болжамға сәйкес әлемдегіең ірі кофе өндіруші ел Бразилиядағы арабика түсімі 2015-2016 маусымда 2,05 млн қап болады, өткен ауыл шаруашылық жылында 29,34 млн болып еді. Бір қаптың салмағы 60 килограмм.
Шикі қант та арзандауда - тағы да сол Бразилия жаңалықтары бойынша. Қант құрағы өсірілетін елдің негізгі аймақтарында өткен демалыс күндері жаңбыр молынан жауған.
"Құрақ егіні үшін жауын уақытында жауып отыр", - деп мәлімдеді ED&F Man шикізат нарығын зерттеу бөлімінің бастығы Кона Хейк.
Шикі қант мамырдағы жеткізілмедр бойынша 0,5%-ға, фунті үшін 14,76 центке дейін арзандады.
Мамыр айындағы апельсин шырынын жеткізу келісім-шартының бағасы 1,9%-ға, фунтіне $1,3415 дейін құлдырады. Мақта құны 1,1%-ға өсіп, фунті үшін 63,99 центке жетті. Какао бұршақтарының бағасы өзгермеді, тоннасы үшін $2932.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024