2014 жылы әлемдегі тазартылған мырыш өндірісі қатарынан екінші жылдың қорытындысы бойынша сұраныстан аз болып шықты деп айтылады Lead and Zinc Study Group (ILZSG) жария еткен алғашқы мағлұматта.
Металл өндірісі былтырғы жылы 5%-ға артып, 2013 жылғы 12,873 млн тоннаға қарсы 13,513 млн тоннаны қамтыды. Бұл ретте тұтыну12,97 млн тоннамен салыстырғанда 13,809 млн тоннаға дейін, 6,5%-ға артты.
Соның салдарынан 2014 жылы дүниежүзілік мырыш нарығы алдындағы жылдың қорытындысы бойынша алынған 97 мың тонналық көрсеткішке қарсы 296 мың тонна деңгейіндегі тапшылықты көрсетті.
Тазартылған мырыш шығарылымының жоғарылауына Қытайдағы өндірістің күшті өсімі, 14,3%-ға артуы себеп болды. Бұл Австралия, Үндістан, Перу мен АҚШ-тағы өндірістің қысқаруын артығымен өтеді.
Өндірушілердегі, тұтынушылар мен саудагерлердегі, сондай-ақ биржалардағы металл қоры өткен жылдың ішінде 321 мың тоннаға, 1,559 млн тоннаға дейін қысқарды. Көрсеткіш қатарынан екінші жыл төмендеп келеді.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024