Қазақстан халқына әкелген қасіреті әлі жойылмаған Семей полигонының жабылғанына биыл 26 жыл толды. Осы орайда 7kun.kz назарларыңызға әлем халқы зардап шегіп отырған лас қалалар туралы фоторепортажды ұсынады.
- Линьфэнь, Қытай [caption id="" align="aligncenter" width="600"] Фото: ic.pics.livejournal.com[/caption]
Бұл қалада 1978 жылдан бері көмір шахтасы жұмыс істейді. Бір кездері «гүлдер қаласы» деген атаққа ие болған қаланың тұрғындары медициналық масканы үйінің ішінде де қолдануға мәжбүр. Қаланың ластығы соншалық тұрғындар төсек-орнын, киімдерін, тіпті, терісін де зиянды қалдықтардан қорғай алмайды.
2. Тяньцзинь, Қытай [caption id="" align="aligncenter" width="560"] Фото: uznayvse.ru[/caption]Қытайдың ең ірі металлургиялық орталығы Тяньцзинь қаласында күндізгі уақытта да көзді ашып жүру қиындық туғызады. Аталмыш қаланың тұрғындары жыл өткен сайын түрлі рак ауруларынан зардап шегеді.
3. Орисса, ҮндістанӘлемдегі ең ірі хром кені Одисса қаласының маңында орналасқан. Алты валентті хром ауа арқылы немесе су арқылы адам ағзасына енеді. Аталмыш қала тұрғындарының 75%-ы хромның әсерінен түрлі аурулармен ауырады.
4. Ла Оройа, Перу [caption id="" align="aligncenter" width="1200"] Фото: orangesmile.com[/caption] Ла Оройа - қорғасын, мырыш сияқты бірнеше металл түрлерін өңдеумен айналысатын қала. Сол себепті де қала тұрғындарынының өлім көрсеткіші әлем бойынша көш бастап тұр. 5. Норильск, Ресей Ресейде ең лас қалалар көшін бастап тұрған - Норильск. Небәрі бір жылда 4 миллион тонна кадмий, қорғасын, никель, мырыш, селен сияқты металдарды өндіреді. Сондай-ақ, бұл қалаға шетелдіктердің кіруіне тыйым салынған. 6. Чернобыль, Украина [caption id="" align="aligncenter" width="1024"] Фото: zak-kor.net[/caption]1986 жылы Чернобыль атом электр станциясы жарылды. Бір қарағанда қала таза көрінгенімен ауадағы радиация әсері түрлі аурулардың тууына себеп болады. Арада 31 жыл өтсе де, қаланың экологиялық ахуалы жақсармады.
7. Кабве, ЗамбияКабве қаласында 1902 жылы қорғасын кен орны табылған. Қазба байлықтарымен танымал бұл қаланың да экологиялық көрсеткіші төмен. Мысалы, 2006 жылы кабвелік балалардың қанынан 10 есе көп қорғасын мен кадмий табылған.
Дереккөз: http://www.uznayvse.ru