"Біздегі бензин бағасы ресей нарығымен жарысып отыратыны белгілі. Бірақ шенеуніктеріміздің айтқан сөздерін еске алсақ, әлемдегі ең арзан бензин біздің елімізде екен. Бірақ бұл олай емес. Ия, егер бағаны доллармен есептейтін болсақ, біздегі бензин - ең арзан. Бірақ орташа айлық көлемі мен бензин бағасының қатынасын есептесек, біздегі жанармай әлемдегі ең қымбат бензин болып шығады", - деді сарапшы Сергей Смирнов.
Ол қалада қоғамдық көліктермен жүргенді құп көретінін айтты. Сарапшы автокөлік иелерінің жағымсыз реакциясының алдын алу үшін бағаны біртіндеп көтеріп жатыр деген пікірде.
"Біздің нарықтың үштен бір бөлігі Ресейге тәуелді. Ал Ресейде баға жоғары. Бірақ ол жақта бағаны белгілеу өзгеше жүзеге асырылады. Мысалы, біздің елімізде бензин бағасының 60 пайызы мұнай шикізаты болса, 15 пайызы салық деп есептеледі. Ал Ресейде 6 пайызы мұнай шикізаты болса, 60 пайызы салық. Ресейде бензин бағасының 60 пайызы бюджетке кетеді, ал бізде бағаның 60 пайызы мұнай өндіруші компаниялардың қалтасында қалады",- дейді сарапшы.
Наурыз айының басында энергетика министрі мемлекет бензин бағасын бақыламайды деген еді. Шенеуніктер қазақстандық жүргізушілер қанша қаласа да, жанармай бекетінің иелерінен бағаны өзгертуді талап етпейді.
Тұңғыш Президент қоры жанындағы әлемдік саясат және экономика институтының сарапшысы Арсен Малтабаров "Ел үкіметі мұнай өңдеуші компаниялардан өз өнімдерінің бір бөлігін отандық нарыққа шығаруды талап етіп отыр. Нәтижесінде біздің нарыққа әсер ететін кейбір келеңсіздіктердің алдын алу мүмкін болмақ. Бүгінде ішкі нарықтың біртіндеп қалыпқа келіп жатқанын байқауға болады", - деді.
Үкімет Атырау мен Павлодардағы мұнай өңдеуші зауыттардың (МӨЗ) модернизациясына үлкен үміт артып отыр. Ол жарты жылдан кейін аяқталады. Келер жылы Шымкенттегі мұнай өңдеуші зауыттың жұмыстары да соңына жетпек.
Мүмкін сол кезде мемлекет өз нарығын толықтай жанармаймен қаматамасыз ете алатын шығар.
Әзірге сарапшылар ел аумығанда егіншілік уақыты басталғанда, яғни наурыздың соңына таман жанармай бағасы тағы да қымбаттауы мүмкін деп болжап отыр.